Сатып алулар

1. Мемлекеттік сатып алулар

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V “Мемлекеттік сатып алу туралы” Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (тиісті қаржы жылына енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен), сондай-ақ тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында көруге болады.

2. «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС сатып алудың ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулар

Қазақстан Республикасының «Мемлекетке заңсыз иеленген активтерді қайтару туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету және іске асыру бойынша қызмет шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-ның қайтарылған активтер бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы ішкі ережелеріне сәйкес Еуразиялық «Mitwork» электрондық порталында арқылы жүзеге асырылады.

Потенциалды жеткізушілер «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-ның ішкі сатып алу туралы хабарландыруларын Еуразиялық электрондық порталда «Лоттар» немесе «Хабарландырулар» бөлімінен тауып, қажетті іздеу параметрлерін, соның ішінде «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-ның БСН-ін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) пайдалана отырып іздей алады.

Прокрутить вверх