Қуанышбек Жақсыбекұлы МҰҚАШ

Бас директор

2024 жылғы 14 маусымда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

2005 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2008 жылы Қарағанды экономикалық университетін заңтану магистрі дәрежесімен тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы бастап, 2015 жылға дейін Қарағанды облысы мен Астана қаласының прокуратура органдарында жұмыс істеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Кәсіпкерлік туралы заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі бөлімнің бастығы лауазымында қызмет атқарды.

Бұдан кейінгі жылдарда бірнеше жеке компанияны басқарып, кәсіпкерлік саласында үлкен тәжірибе жинақтады.

2021-2023 жылдары — «Атамекен» ҚР ҰКП басқарушы директоры. Осы уақыт аралығында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл аппаратының басшысы қызметін қоса атқарды.

Қоғамдық қызметі: 

  • ҚР Есту қабілеті бұзылған (сурдо) спортшылар арасындағы дзюдо күресі федерациясының президенті.
  • 2023 жылдан бері Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті.
  • «Республика» саяси партиясының мүшесі. 2023 жылғы сайлауда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партиядан кандидат болды.

Ғамзат Нұркишевич СҰЛТАНБЕКОВ

Бас директордың орынбасары

Білімі:

  • Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша
  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті, «Құқықтану» мамандығы бойынша

2022–2023 жж. «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ ЖШС, директор орынбасары

2020–2022 жж. «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК, директор орынбасары

2016–2020 жж. «Астана қаласының құрылыс басқармасы» ММ, басшы орынбасары

2010–2016 жж. «Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ, бөлім бастығы

2002–2010 жж. Коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды

Аян Тыныштықұлы ШАЛМАҒАНБЕТОВ

Бас директордың орынбасары

Білімі:

  • С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті, экономика факультеті, экономист-менеджер мамандығы бойынша.
  • Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, заң факультеті, құқықтану мамандығы бойынша.

2023–2024 жж. «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ, Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор (Басқарма мүшесі)

2019–2022 жж. Қарағанды облысы Нұра ауданы, Әкім

2014–2019 жж. Қарағанды облысының әкімдігі, Басшылық лауазымдарды атқарды

2012–2014 жж. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Тарифтік, техникалық реттеу және әдіснама басқармасы, Басшы

2010–2012 жж. Коммерциялық құрылымда басшылық қызметте болды

2008-2010 жж. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Вице-президент, «Ғылым қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі

2000-2008 жж. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Әр түрлі құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істеді

Миткин Алексей

Миткин Алексей Юрьевич

Бас директордың орынбасары

Білімі:

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, заң факультеті, «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша.

2003–2004 жж. «Астана қаласын дамыту бағдарламаларын әкімшілендіру жөніндегі департаменті» ММ (Заң бөлімінің бас маманы)

2004–2005 жж. «Астана қаласының Энергетика және су шаруашылығы департаменті» ММ (Бас маман-заңгер)

2005–2007 жж. «Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті» ММ (Заң бөлімінің бастығы)

2007-2018 жж. «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ (Басқарма басшысының орынбасары)

2018-2020 жж. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы» ММ (Басқарма басшысының орынбасары)

2020-2024 жж. Кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

2024 ж. тамыздан қарашаға дейін. Ұйымдастырушылық бақылау, кадрлық және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС.

О компании

Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 сентября 2023 года создано ТОО «Компания по управлению возвращенными активами» со стопроцентным государственным участием в его уставном капитале.

Прокрутить вверх