
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.09.2023 күнгі қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС құрылды.
Жаңалықтар
(232,528 👁️)
Жекелеген жағдайларда активтер сатылғанға дейін табыс алу мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Активтерді басқарудан түскен қаражат белгіленген тәртіппен Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады.
Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты мемлекет белгілеген тәртіппен әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Бұл ретте Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қор қаражаты есебінен нақты қандай әлеуметтік нысандар қаржыландырылатынын айқындамайды.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ақпаратты заңнамада белгіленген талаптар шегінде жариялайды. Заңнамаға және Қайтарылған активтерді басқару қағидаларына сәйкес шектелген мәліметтер жарияланбайды.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығымен бекітілген Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.
Қағидалардың 89-тармағына сәйкес Басқарушы компания активтерді қабылдау, есепке алу, басқару, беру және стау барысында белгілі болған, актив иесінің жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қайтарылған активтер туралы мәліметтердің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Ақпарат заңнама талаптары мен белгіленген шектеулер ескеріле отырып жарияланады. Егер заңнамада мұндай ақпаратты жариялауға шектеу қойылса, сатып алушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жарияланбайды.
Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізетін меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаған жағдайда олардың таратылуына жол бермеу талаптарын сақтау арқылы дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Активтер қабылданған сәттен бастап Қайтарылған активтерді басқару компаниясы олар сатылғанға немесе оларға өзге тәсілмен билік етілгенге дейін есепке алу, күтіп-ұстау және сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Мүліктің түрі мен жай-күйіне қарай күзету, сақтандыру, техникалық қызмет көрсету және заңнамада және тиісті құжаттарда көзделген өзге де қажетті шаралар қолданылуы мүмкін.
Қайтарылған активтер сатылғанға немесе оларға өзге тәсілмен билік етілгенге дейін олардың сақталуы мен күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды Компания заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Бұл ретте Компания активтерді күтіп-ұстау мен олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдайды.
Сатуға шығарылған активтер туралы ақпарат Қайтарылған активтерді басқару компаниясының ресми сайтындағы «Активтер каталогы» бөлімінде орналастырылады. Ал электрондық сауда-саттық туралы ақпарат e-Qazyna мемлекеттік электрондық порталында жарияланады.
Сонымен қатар Компанияның ресми сайтында «Сатылымдағы активтер», «Сатылған активтер» және «Мемлекеттік меншікке берілген активтер» атты жеке бөлімдер қарастырылған.
Компания туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі қаулысымен жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысатын «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС құрылды.
Қосымша сілтеме
Байланыс
Телефон: + 7 717 279-25-54
Мекен-жайы: 010000, Қазақстан, Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 5-ғимарат, 41-тұрғын емес үй-жай, D блогы, 6-қабат


