«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС активтерді e-Qazyna платформасында ашық электрондық сауда-саттық арқылы сатады. Бұл тәсіл мүлікті әлеуетті сатып алушылардың кең ауқымына ұсынуға және олардың арасында бәсекелестікке жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сауда-саттыққа белгіленген талаптарға сай келетін тұлғалар қатыса алады.

Басқарушы компания қызметін бастағаннан бері қайтарылған активтерді сату бойынша 1 150 электрондық сауда-саттық өткізді.
Электрондық форматтың негізінде қарапайым қағидат жатыр. Әрбір әлеуетті сатып алушы ұсыныспен танысып, барлығына ортақ шарттармен сауда-саттыққа қатысу туралы шешім қабылдай алады. Актив туралы ақпарат пен оны сатып алу тәртібі алдын ала жарияланады. Бұл қатысушыларға объектіні бағалап, сауда-саттыққа дайындалуға мүмкіндік береді.
Сатып алушылар арасындағы бәсекелестіктің экономикалық маңызы бар. Олардың қызығушылығы мен баға ұсыныстары мүлікке деген сұранысты анықтауға және сауда-саттық барысында сату бағасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әлеуетті қатысушылардың аясы неғұрлым кең болса, активті бәсекелі жағдайда сату мүмкіндігі соғұрлым артады. Бұл ретте сауда-саттық нәтижесі объектінің ерекшеліктеріне және нарықтағы жағдайға байланысты.
Қайтарылған активтермен жұмыс барысында «Заң мен тәртіп» қағидаты осы рәсімдер арқылы іске асады. Заңдылық мүлікті өткізудің белгіленген тәртібін сақтауды білдіреді. Ашықтық мүлік пен оны сату шарттары туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Есептілік қоғамға атқарылған жұмыстың нәтижелерін көруге және түскен қаражаттың қандай мақсаттарға жұмсалатынын білуге мүмкіндік береді.
Сауда-саттықтың қоғам үшін маңызы мүлікті сатумен шектелмейді. Қайтарылған активтерді сатудан түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады. Бұл қаражат белгіленген тәртіппен әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды, соның ішінде мектептерге, медициналық мекемелерге, сумен жабдықтау жүйелеріне және азаматтарға қажетті өзге де объектілерге қатысты жобаларды қаржыландыруға бағытталады.
Сондықтан қайтарылған мүлікті ашық әрі бәсекелі жағдайда сату бүкіл қоғам үшін маңызды. Осы рәсім арқылы қайтарылған активтерден түскен қаражат қоғамның қажеттіліктерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл ретте заң талаптары сақталып, жұмыс нәтижесі үшін жауапкершілік қамтамасыз етіледі.
Қайтарылған активтерді сату бойынша кезекті электрондық сауда-саттық 2026 жылғы 25 қарашада және 1 желтоқсанда өтеді. Лоттармен, қатысу шарттарымен және тәртібімен sauda.e-qazyna.kz веб-порталында танысуға болады.
Барлық мүдделі тұлғаларды сауда-саттыққа қатысуға шақырамыз. Қайтарылған активтерді сатып алу арқылы сіз қоғам игілігіне үлес қосасыз.