Халықаралық ынтымақтастық

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС активтерді тиімді әрі тұрақты басқаруды қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытып келеді. Компания Дүниежүзілік банк, ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдармен, шетелдік мемлекеттердің өкілдіктерімен, сондай-ақ IPAF және BAMIN халықаралық желілерімен өзара іс-қимыл жасап, озық тәжірибені енгізуге, басқару процестерін жетілдіруге және халықаралық байланыстарды нығайтуға жұмыс жүргізуде.

Негізгі серіктестіктер

  1. Дүниежүзілік банк – компанияның даму стратегиясын әзірлеуге қолдау көрсету; активтерді басқару мәселелері бойынша әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету.
  2. ЕҚЫҰ – компанияның институционалдық әлеуетін нығайтуға бағытталған халықаралық бастамаларды қолдау; халықаралық сарапшылардың қатысуымен компания қызметіне тәуелсіз әріптестік бағалау (peer review) ұйымдастыру.

Халықаралық желілерге қатысу

IPAF (Халықаралық мемлекеттік активтерді басқару компаниялары форумы)

Компания IPAF ұйымдастыратын іс-шараларға тұрақты түрде қатысып келеді. Бұл тәжірибе алмасуға, халықаралық серіктестікті кеңейтуге және компанияның халықаралық беделін нығайтуға мүмкіндік береді. Осы аяда:

– 2024 жылғы қыркүйекте Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IPAF-тың 8-Саммиті мен халықаралық конференциясына қатысты.

– 2025 жылғы мамырда Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IPAF-тың 9-оқу семинарына қашықтан қатысты.

– 2025 жылғы тамызда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өткен IPAF-тың IX Саммиті мен халықаралық конференциясына қатысты.

– 2026 жылғы тамызда Компания Астана қаласында өтетін дамушы нарықтардағы проблемалық кредиттерді басқару және қаржылық тұрақтылық мәселелеріне арналған IPAF-тың 10-Саммиті мен халықаралық конференциясына қатысуды жоспарлап отыр.

BAMIN (Тәркіленген және конфискацияланған активтерді басқару жөніндегі Балқан өңірлік желісі)

Компания 2024 жылдан бастап BAMIN желісінің мүшесі болып табылады. Бұл ұйымға мүше елдердің бейінді мекемелерімен тәжірибе алмасуға және ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.

2026 жылдың басында ЕҚЫҰ мен BAMIN қолдауымен халықаралық сарапшылардың қатысуымен компания қызметіне әріптестік бағалау (peer review) жүргізілді. Бағалау қорытындысында e-Qazyna электрондық платформасы арқылы активтерді сатудың ашық әрі жүйелі тетігі және активтерді басқару саласындағы халықаралық ұйымдармен жолға қойылған тиімді ынтымақтастық жоғары бағаланды. Сарапшылардың ұсынымдары компания қызметін одан әрі жетілдіруде пайдаланылып келеді.

Шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық

Компания активтерді басқару және сату саласындағы шетелдік ұйымдармен ынтымақтастықты дамытып келеді. Бұл бағытта халықаралық желілерге мүше елдердің бейінді агенттіктерімен, сондай-ақ шетелдегі активтерді өткізуге маманданған компаниялармен және электрондық платформалармен өзара байланыс орнатылуда.

Халықаралық ынтымақтастық компания қызметінің тиімділігін арттыруға, активтерді сатудың жаңа мүмкіндіктерін кеңейтуге және оның халықаралық деңгейдегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

Прокрутить вверх