Жиі қойылатын сұрақтар

Аукцион нысанындағы сауда-саттық – бұл сауда-саттықтың бір түрі, ол https://e-qazyna.kz/ веб-порталында өткізіледі. Аукцион барысында қатысушылар ашық түрде өздерінің баға ұсыныстарын береді.

Мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталы (e-qazyna.kz) – бұл мемлекет, квазимемлекеттік ұйымдар және жеке тұлғаларға тиесілі мүліктер мен сатушылар туралы мәліметтер базасына қолжетімділік беретін интернет-ресурс.

Егер аукцион басталған сәтте сатылатын объектіге бірде-бір қатысушы тіркелмесе, онда аукцион өткізілген жоқ деп танылады.

Аукцион нысанындағы сауда-саттыққа қатысу үшін e-qazyna.kz порталында тіркелу қажет.

  • Жеке тұлғалар үшін ЭЦҚ: ЖСН, аты-жөні (бар болса, әкесінің аты) енгізілуі тиіс.
  • Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ: БСН, компанияның толық атауы, басшының аты-жөні (бар болса) енгізілуі тиіс.
  • Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк реквизиттерін ұсыну қажет.
  • Байланыс мәліметтерін (мекенжай, телефон, e-mail) көрсету керек.
  • Сатылымға қойылған қажетті объектіні таңдау.
  • Өтінімді толтыру және кепілдік жарнаны төлеу:
    • Қатысушының банк реквизиттерін жүйеден таңдау.
    • Сауда-саттықты ұйымдастырушының шотына кепілдік жарнаны аудару туралы мәліметтерді қосу.
  • Өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қою.
  • Өтінімді қарауға жіберу.

Бастапқы баға – әрбір сатылымға қойылған объект бойынша сауданың алғашқы бағасы.

Басқарушы компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 824 қаулысына сәйкес құрылды. Негізгі мақсаты – «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» және өзге де заңдарға сәйкес мемлекетке қайтарылған активтерді басқару, сақтау және сату. 
Қайтарылған активтер E-Qazyna цифрлық платформасында ашық электрондық аукциондар арқылы сатылады.
Негізгі қағидат – барлық әлеуетті сатып алушылар үшін барынша ашықтық және тең қолжетімділік.

Таза пайда бұл компания қызметінің белгілі бір кезеңдегі түпкілікті қаржылық нәтижесі, яғни барлық табыстардан шығындар, салықтар мен міндетті төлемдер шегерілгеннен кейін қалған сома.

Бухгалтерлік есептің дұрыстығын растау мақсатында басқарушы компания жыл сайын сыртқы аудит жүргізеді.
Аудиторлық тексеру заңнама талаптарына және компания Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

Қайтарылған активтерді тәуелсіз бағалауды «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңына сәйкес активті беруші тарап жүргізеді. Бағалау нәтижелері міндетті түрде Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитетінің сараптамасынан өтеді.
Активтерді тиімді басқару олардың ашық электрондық сауда-саттық арқылы жүзеге асырылуымен қамтамасыз етіледі. Сауда-саттықтар мемлекеттік E-Qazyna платформасында өткізіледі.
Активтерді пайдаланудың өзге тәсілдері тек уақытша шара ретінде, яғни олардың нарықтық құнын сақтау және кейінгі сатылымға дайындау мақсатында қарастырылады.

Қатысу үлестері басқарушы компанияға берілген заңды тұлғалардың басшыларын тағайындау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына, сондай-ақ компанияның ішкі нормативтік құжаттары мен регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарушылық кадрларды қалыптастыру барысында басқарушы компания сабақтастық, кәсібилік және кезең-кезеңімен мансаптық өсу қағидаттарын ұстанады.

Басқарушы компанияда мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу жөніндегі кешенді жүйе енгізілген. Бұл жүйе қызметкерлердің немесе олардың туыстарының шарттық серіктестермен (жалға алу, активтерді сату және басқа келісімдер бойынша) байланыста болуы мүмкін жағдайларын қамтиды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына және негізсіз ықпал етуге жол бермеу мақсатында келесі тетіктер қолданылады:
Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты – барлық қызметкерлер үшін міндетті. Қызметкерлер әлеуетті мүдделер қақтығысы туралы, соның ішінде туыстық байланыстар болған жағдайда, міндетті түрде декларация тапсырады және мұндай жағдайларда шешім қабылдауға қатыстырылмайды.
Контрагенттердің, қызметкерлердің және кандидаттардың сенімділігін кешенді тексеру тұрақты негізде жүргізіледі.
Аталған рәсім 2025 жылғы 23 қыркүйектегі №134-ОД Бас директордың бұйрығымен бекітілген Ережелермен реттеледі және контрагенттердің аффилирленуін, іскерлік беделін, түпкі бенефициарларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және этикалық тәуекелдердің болуы мүмкіндігін тексеруді қамтиды.
Компанияда ISO 37001-2016 халықаралық стандартына сәйкес парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі енгізілген және сертификатталған. Бұл жүйенің тиімділігі сыртқы сертификаттық аудиттен өту арқылы расталды және тиісті сәйкестік сертификаты берілді.
Енгізілген жүйе тұрақты мониторинг жүргізуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы процестерді жетілдіруді және олардың тиімділігіне тәуелсіз баға беруді қамтамасыз етеді.

Жекелеген жағдайларда активтер сатылғанға дейін табыс алу мақсатында пайдаланылуы мүмкін. Активтерді басқарудан түскен қаражат белгіленген тәртіппен Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады.

Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты мемлекет белгілеген тәртіппен әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Бұл ретте Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Қор қаражаты есебінен нақты қандай әлеуметтік нысандар қаржыландырылатынын айқындамайды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ақпаратты заңнамада белгіленген талаптар шегінде жариялайды. Заңнамаға және Қайтарылған активтерді басқару қағидаларына сәйкес шектелген мәліметтер жарияланбайды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы №1061 бұйрығымен бекітілген Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.

Қағидалардың 89-тармағына сәйкес Басқарушы компания активтерді қабылдау, есепке алу, басқару, беру және стау барысында белгілі болған, актив иесінің жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қайтарылған активтер туралы мәліметтердің сақталуы мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Ақпарат заңнама талаптары мен белгіленген шектеулер ескеріле отырып жарияланады. Егер заңнамада мұндай ақпаратты жариялауға шектеу қойылса, сатып алушыны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жарияланбайды.

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізетін меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшінші тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз не өзге де заңды негіз болмаған жағдайда олардың таратылуына жол бермеу талаптарын сақтау арқылы дербес деректердің құпиялылығын қамтамасыз етеді.

Активтер қабылданған сәттен бастап Қайтарылған активтерді басқару компаниясы олар сатылғанға немесе оларға өзге тәсілмен билік етілгенге дейін есепке алу, күтіп-ұстау және сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Мүліктің түрі мен жай-күйіне қарай күзету, сақтандыру, техникалық қызмет көрсету және заңнамада және тиісті құжаттарда көзделген өзге де қажетті шаралар қолданылуы мүмкін.

Қайтарылған активтер сатылғанға немесе оларға өзге тәсілмен билік етілгенге дейін олардың сақталуы мен күтіп-ұсталуын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды Компания заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. Бұл ретте Компания активтерді күтіп-ұстау мен олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдайды.

Сатуға шығарылған активтер туралы ақпарат Қайтарылған активтерді басқару компаниясының ресми сайтындағы «Активтер каталогы» бөлімінде орналастырылады. Ал электрондық сауда-саттық туралы ақпарат e-Qazyna мемлекеттік электрондық порталында жарияланады.

Сонымен қатар Компанияның ресми сайтында «Сатылымдағы активтер», «Сатылған активтер» және «Мемлекеттік меншікке берілген активтер» атты жеке бөлімдер қарастырылған.

Прокрутить вверх