Қайтарылған активті сату бойынша электрондық сауда-саттықтың қорытындысы шығарылды

2026 жылғы 25 қарашада мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС басқаруындағы қайтарылған активті сату бойынша электрондық сауда-саттық өтті.

Электрондық сауда-саттық қорытындысы бойынша «Парижский квартал» тұрғын үй кешеніндегі жалпы ауданы 93,6 ш. м. болатын № 1 пәтердің сатып алушысы анықталды.
Бастапқы бағасы: 79 048 610,00 теңге.
Сату бағасы: 79 048 610,00 теңге.
Лотқа сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/342267046194000000.

Бұл ретте сатып алу-сату шарты жасалғаннан кейін және оның құны толық төленгеннен кейін ғана активтің меншік құқығы сатып алушыға берілетінін хабарлаймыз.

Сауда-саттыққа қатысу шарттары, активтің сипаттамалары және бастапқы бағасы туралы ақпарат sauda.e-qazyna.kz веб-порталында алдын ала ашық жарияланды.

Прокрутить вверх