«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna платформасы арқылы «Centro» бизнес орталығында кеңсе-жайды жалға ұсынады.
«Centro» БО көліктің барлық түрлеріне отырып кетуге мүмкіндік беретін ыңғайлы жерде орналасқан. Оң және сол жағалауға шығатын әртүрлі жолдардың ішінен ыңғайлы бағытты таңдап алуға болады. Ғимарат ішіндегі заманауи ауа баптау жүйесі қажетті температураны реттеуге, әр бөлігіне жайлы микроклимат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
7-қабатындағы кеңсе-жай жалға берілетін D блогы – кең және ыңғайлы бөлмелері бар сегіз қабатты ғимарат. Бірінші қабатында вестибюль, қабылдау аймағы және бөлек кіретін есігі бар кеңселер орналасқан. Ғимаратта барлық қабаттарға көтерілетін лифтілер және жоғары қабаттан сыртқы есікке дейін апаратын екі баспалдақ бар.
Жалға берілетін қабаттың артықшылықтары:
- Кабинеттерге, келіссөз залдарына, конференц-залдарға, мұрағаттарға және басшылардың кабинеттеріне бөлінген кеңістіктер.
- Кең әрі функционалды аймақтар: сервер бөлмелері, электр бөлмелері, көмекші бөлмелер, асханалар, және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық тораптар.
- Биіктігі 3,5 метр болатын кең әрі жарық бөлмелер.
Ғимараттың архитектурасы классикалық стильде, заманауи декоративті элементтермен безендірілген, инженерлік жүйелері орталық жылу, ыстық су, кәріз және электр жарығын қамтиды. Қонақтарға арналған автотұрақ орындары кешен аумағында қарастырылған, бұл клиенттер мен келушілерге қосымша ыңғайлылық береді.
Кеңсе мекенжайы: Астана қ., Мұхамедханов көш., 5-үй, 42-т.ж, 7-қабат.
Жалға алу шарттары:
– Бастапқы жалдау ставкасы: айына 11 319 729 теңге, ҚҚС қоса есептелген;
– Кепілдік төлем: 1 697 959 теңге;
– Өтінім қабылдау мерзімі: 2024 ж. 13 қараша сағат 09:00-ге дейін;
– Сауда басталуы: 2024 ж. 13 қараша сағат 11:00-де;
– Кеңсе қабаты толығымен біртұтас лот бойынша жалға беріледі.
Елордадағы жетекші бизнес орталықтардың бірінде заманауи кеңсе кеңістігін жалға алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Толық ақпарат және қатысу шарттары сілтемеде қолжетімді.