Қайтарылған активтерді басқару компаниясы: халықаралық тәжірибеден түйеріміз мол

2024 жылғы 25-27 қараша аралығында Астана қаласында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Дүниежүзілік банк және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) сияқты ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырған семинар өтті. Бұл іс-шара қайтарылған активтерді басқару жөніндегі халықаралық тәжірибені зерттеп, енгізу ісі бойынша жасалған маңызды қадам болды.

Семинар барысында Дүниежүзілік банктің жетекші сарапшылары – Лиза Боствик, Виталий Касько, Гермиона Кронье және Гамбаатар Жамбала сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, БҰҰ ЕҚБ-ның Қазақстандағы бағдарламалық кеңсесінің ұлттық үйлестірушісі Әділет Мұқышев те мәселені талқылауға белсене атсалысты. Олар активтерді басқару стратегияларын енгізу тәжірибелерімен бөлісіп, халықаралық стандарттардағы негізгі өзгерістерді түсіндіріп, олардың Қазақстан жағдайына бейімделу жолдарын талқылады.

Семинар жүмысына ҚР Қаржы министрлігінің Активтерді қайтару комитеті мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің өкілдері де белсенді түрде қатысып отырды. Мұның өзі қарастырылып отырған мәселенің мемлекеттік органдар арасында маңызға ие екенін және оның жоғары деңгейде үйлестіріліп отырғанын айқын аңғартса керек.

Семинар тек тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, Компанияның ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеуге жасалған алғашқы қадам болды. Қатысушылар активтерді басқарудың ашықтығын және тиімділігін арттыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және компанияның стратегиялық жоспарын іске асыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Сарапшылардың пікірі

Лиза Боствик өз ойын былай білдірді:
«Сіздердің бастама табысты түрде жүзеге асарына сенімім зор, өйткені сіздер бұл істі кәсіби тұрғыда қолға алып отырсыздар. Біз сіздердің тәжірибені өз кезегінде өзге елдерге де ұсынатын боламыз».

Виталий Касько:
«Әркімнің өз пікірін еркін айтуға құқығы сақталған Компания мүшелерінің шын мәнінде мықты команда екеніне ерекше тәнті болдым», – деп, атап өтті.

Гермиона Кронье:
«Сіздердің табысқа жетуге барлық мүмкіндіктеріңіз бар», – деп қорытындылады.

Компанияның ұстанымы

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің бас директоры Қуанышбек Мұқаш компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, әлемдік стандарттарды зерттеуге және озық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Біз Дүниежүзілік банкке қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Бұл семинар біздің стратегиямызды жүзеге асырудағы маңызды кезеңге айналды. Ашықтық, қоғамның сенімі және халықаралық стандарттарға сәйкестік – біздің жұмысымыздың басты басымдықтары. Біздің мақсатымыз – қайтарылған активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру, ол әлемдік үздік тәжірибелерге негізделген», – деп атап өтті Қуанышбек Мұқаш. – деп баса айтты.

Компания кәсіби көзқарас, әлемдік озық тәжірибені белсенді түрде енгізу және жұмыстағы ашықтық активтерді тиімді басқаруға және қоғамның Компания жұмысына деген сенімін нығайтуға берік негіз болатынын көрсетіп отыр.

Прокрутить вверх