Қайтарылған активтерді басқару компаниясы E-Qazyna платформасында сауда-саттықтың басталғаны туралы хабарлайды

2024 жылғы 7 қазанда E-Qazyna порталында Алматы қаласының беделді ауданы – Медеу ауданында, Алматы қаласы, Жамақаев көшесі, 2-үй мекенжайы бойынша жалпы ауданы 0,6315 га жер учаскесінде орналасқан «ОРИОН» бизнес-орталығының аяқталмаған құрылысы бағасының өсуімен сауда-саттыққа қойылды.

Объектінің негізгі сипаттамалары:

  • Жер учаскесі: 0,6315 га.
  • Мекен-жайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 2-үй.
  • Бастапқы бағасы: 6 278 384 321,00 теңге.
  • Кепілдік жарнасы: 110 760 000,00 теңге.

Бұл нысан коммерциялық мақсатта одан әрі дамыту және пайдалану мүмкіндіктері бар заманауи бизнес-орталықтың аяқталмаған құрылысы болып табылады. Сауда-саттыққа қатысу инвесторларға Алматының неғұрлым сұранысқа ие аудандарының бірінде инвестициялық тартымдылығы жоғары жылжымайтын мүлік объектісін сатып алуға бірегей мүмкіндік береді.

Өтінімдерді қабылдау: 2024 жылдың 24 қазаны, сағат 08:00-ге дейін.

Сауда-саттықтың басталу күні: 2024 жылдың 24 қазаны, сағат 10:00.

Аукционға қалай қатысуға болады? Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны төлеп, көрсетілген мерзімге дейін өтініміңізді беруіңіз қажет. Аукцион онлайн режимінде өтеді, бұл сізге әлемнің кез келген нүктесінен қатысуға мүмкіндік береді.

Прокрутить вверх