27 қарашада «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес құрамына депутаттар, мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері кіреді. Отырыс барысында компанияның ағымдағы қызметі талқыланды.
Қамқоршылық кеңес консультативтік-кеңесші орган ретінде маңызды рөл атқарады. Оның негізгі міндеті – компания қызметінің ашықтығын, тиімділігін және оның қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу.