11–12 желтоқсан күндері өткен электрондық сауда-саттық нәтижелері

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Sauda.E-Qazyna мемлекеттік электрондық платформасында өткізілген электрондық сауда-саттықтың нәтижелері туралы хабарлайды.

2025 жылғы 11 желтоқсанда 9 бірлік мүлікті қамтитын 3 лот бойынша сауда-саттық сәтті жүзеге асырылды. Сауда қорытындысы бойынша жалпы сома 824 470 теңгені құрады.

Сонымен қатар, аталған лоттар бойынша сату-сатып алу шарттары қазіргі уақытта әлі жасалған жоқ, сондай-ақ сауда жеңімпаздары тарапынан төлем түспегенін хабарлаймыз.

2025 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласы, Мұхамедханов көшесі, 5-ғимарат, 7-қабат мекенжайында орналасқан кіріктірілген тұрғын емес үй-жай бойынша сауда-саттық тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты өтпеген деп танылды.

Басқарушы компания қайтарылған активтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес сатуды жалғастырып, электрондық сауда-саттықтың ашықтығын және барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Прокрутить вверх