2024 жылғы 10 желтоқсанда E-Qazyna платформасында аукцион нысанындағы электрондық сауда-саттықта Алматы қаласындағы қайтарылған активтердің бірі – өндірістік база сатылды.
Актив бастапқы бағасы – 1,6 млрд теңгеге (+12% ҚҚС) сатылды, бұл оның бастапқы бағалау құнына сәйкес келеді.
Аталған объектінің сатылымы Алматы жылжымайтын мүлік нарығында айтарлықтай әлеуетке ие активтерге инвесторлардың жоғары қызығушылығын айқын көрсетті.
Сатудан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға жіберіледі. Бұл қаражат елдің экономикалық дамуын қолдауға және қайтарылған активтерді тиімді пайдалану мен басқару бойынша негізгі міндеттерді орындауға маңызды үлес қосады.
Мұндай маңызды активтердің сәтті сатылуы Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмыс тиімділігін растайды.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС қайтарылған активтерді тиімді іске асыру арқылы елдің тұрақты экономикалық дамуын қолдау бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.