«Правда в деталях» бағдарламасының жаңа шығарылымында Қазақстанда Президенттің тапсырмасы бойынша адал жолмен табылмаған активтердің қайтарылуы туралы айтылады деп, хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі
Заң жұмыс істейді: триллион теңге және арнаулы қор
2023 жылғы шілде айынан бастап мемлекетке заңсыз иемделінген активтерді қайтару туралы заң күшіне енді.
– Активтерді қайтару жөніндегі комитет үлкен жұмыс атқарды. 1 триллион теңгеден астам сомадағы активтерді қайтару жөнінде шаралар қабылданды. Мұнда өз еркімен қайтару келісімдері мен мәжбүрлі тәртіппен қайтарып алу шаралары туралы сөз болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекет пайдасына 770 миллиард теңгеден астам қаражат түсті: оның 667 миллиарды – арнайы есепшотқа ақшалай түрде, ал 103 миллиарды – мүлік түрінде, – деп, атап өтті ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков.
Алынған қаражат арнаулы қорға аударылады, ол тек әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға арналған.
– Актив қабылданғаннан кейін біздің міндетіміз – оны тиімді басқару, кейіннен мүмкіндігінше жоғары бағамен сату. Барлық активтерді біз тек аукциондар арқылы сатамыз, – деді «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Қуанышбек Мұқаш.
Ақша қайда жұмсалуда
Тек өткен жылда қордан 240 миллиард теңгеден астам сомада 330 әлеуметтік объект қаржыландырылды. Оның ішінде:
- 162 фельдшерлік-акушерлік пункт пен ауылдық жерлердегі дәрігерлік амбулаториялар;
- 159 сумен жабдықтау объектілері;
- 12 білім беру және спорттық мекемелері.
– 2024–2025 жылдары Арнаулы мемлекеттік қордан медициналық нысандарды салу және реконструкциялау үшін 97,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражаттың маңызды бөлігі ауылдық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша ұлттық жобаны іске асыруға бағытталған, – деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов.
Жоба аясында биыл 145 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің құрылысын аяқтауға қаржы бөлінді – бұл алыстағы ауылдардың медициналық, фельдшерлік пункттері мен дәрігерлік амбулаториялары.
Сонымен қатар, жоба 32 аудандық аурухананы көп бейінді деңгейге дейін жаңғыртуды көздейді. Әрқайсысы қабылдау-диагностикалық кешенмен, ЭКЖ жүйесімен, ангиографпен, компьютерлік томографпен және МРТ аппаратымен жабдықталады.
Үйлер сумен жабдықталды
Мемлекет басшысы атап өткен ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі – халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Қала тұрғындары үшін көптен бері қалыпты болған нәрсе, ауылдар мен елдімекендер тұрғындары үшін әлі де қолжетпес байлық болып отыр. Су таситын машиналар, бактар мен канистрлер – әлі күнге дейін мыңдаған қазақстандықтар пайдаланып отыр.
Жағдайды түбегейлі жақсарту үшін арнаулы мемлекеттік қордан алынған қаражат сумен жабдықтау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталды. Мәселе кешенді түрде шешілуде: екі салалық ведомство – Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі және Су және ирригация министрлігі іске кірісті.
Өнеркәсіп министрлігі елді мекендерде ауыз сумен жабдықтаудың ішкі желілерін салуға, ал Су ресурстары министрлігі сумен жабдықтау көздерін ұйымдастыруға және топтық су құбырларын салуға жауапты.
– Біздің ведомстваның басым міндеттерінің бірі – тұрғындарды тұрақты және сапалы су қызметтерімен қамтамасыз ету. Бұл мақсатпен арнаулы мемлекеттік қордан қалалар мен ауылдық елді мекендерді қамтитын 189 жобаны жүзеге асыру үшін қаржы бөлінді, – деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Куандык Кажкенов.
Сақ дәуірінің артефактілері: уақыттан тыс құндылық
Жақында Қазақстан халқына тек мұраның бір бөлігі емес, тұтастай тарих қайтарылды, оны ақшамен өлшеу немесе бюджетке енгізу мүмкін емес. Сақ дәуіріне жататын деп болжанған бірегей зергерлік бұйымдар жемқорлардың бірінің жеке коллекциясынан алынып, Ұлттық мұражайға тапсырылды.
Бұл шаң басқан экспонаттар емес – бұл өткеннің шынайы куәсі. Атақты аң стилінде жасалған артефактілер көшпенділердің ежелгі өркениеттермен – Грециямен, Персиямен және Қытаймен байланысының іздерін сақтайды. Олар – қазіргі заман мен ғасырлар тереңдігін байланыстыратын құнды жалғастығы іспеттес.
Қайтарылған активтердің тек, мемлекеттік қазынаны ғана емес ұлттық рухани кеңістігін де толтықтырды. Қылмыстық іс заңсыз иемденілген активтерді қайтару туралы заң бойынша тізілімге енгізілген тұлғаға қатысты жүргізілді, нәтижесінде мәдени қазыналар халыққа қайтарылды.
– Тінту барысында сол тұлғаның үлестес тұлғаларының бірінен сақ кезеңіне тиесілі құнды артефактілер табылды. Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті іс материалдарын зерттеп, осы заттардың заңды түрде алынғанына күмән туындағанын анықтап, оларды пайда болуы түсініксіз активтер деп танып, сотқа талап арызбен жүгінді. Шешім қабылданғаннан кейін артефактілер мамандандырылған компанияның басқаруына тапсырылды. Алайда, сарапшыларды тарта отырып, бұл бірегей тарихи құндылықтардың құнын бағалау мүмкін болмады. Олардың маңызы материалдық бағалаудан әлдеқайда асып түседі – бұл ұлттың рухы мен мәдени мұрасының бір бөлігі, – деп атап өтті Бас прокуратураның Активтерді қайтару комитеті аппаратының басшысы Мұрат Төлегенов.
Қайтарылған артефактілердің кейбірі сақ-скиф дәуіріне жатады. Олар өздерінің ерекшеліктері бойынша Алматы облысындағы Есік қорғанынан табылған бұйымдарға, сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан табылған артефактілерге ұқсайды. Олардың нақты шығу тегі әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалуда – олар жеке тұлғалардың қолына археологтардан заңсыз алынған болуы мүмкін.
Қазақстандағы қазына іздеушілердің қара нарығы әлі де жалғасуда: техника қорғандарды қиратуда, ежелгі қорымдар тоналуда, ал баға жетпес қазыналар қара базарға шығарылып, тарихи құндылығы мен маңыздылыған жоғалтуда.
Біз Ұлттық мұражайға түскен заттардың қаншалықты айрықша екенін анықтадық. Оларды әлі де зерттеуді қажет етеді. Мысалы, табылған заттардың бірі – құстың басы пішінінде жасалған мүсін – қазіргі мұражайлардың жинақтамаларында тікелей аналогтары жоқ. Қанатты барыс, арыстанға ұқсай отырып, парсы мәдениетінің іздерін қамтып, ерекше орындау әдісінде жасалған. Тағы бір зат – араб жазуымен безендірілген сақина. Бұл мөр, тұмар немесе Құраннан үзінді болуы мүмкін. Оның мағынасын әлі де анықтау қажет. Қазіргі уақытта осы артефактілер зерттелуде, ал жақында олар қоғамдық экспозицияның бір бөлігіне айналады.
Әрбір қайтарылған объект – ақша, ғимараттар, жер немесе ежелгі әшекейлер болсын – бұл тек әділеттілікті қалпына келтіру ғана емес, бұл – ел үшін жаңа өркендеу көзі.