Қайтарылған активтер: аукционға қол сағаттары қойылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС e-qazyna.kz веб-платформасында бағаны көтеру арқылы аукциондық сауда өткізілетіні туралы хабарлайды.

Саудаға барлығы 25 дана қол сағаты қойылады. Лоттардың бастапқы бағасы – 352 321 714 теңге.

Сауданың мақсаты – қайтарылған активтерді ашық әрі тиімді түрде өткізу, сондай-ақ мүдделі қатысушыларға құнды бұйымдарды сатып алу мүмкіндігін ұсыну.

Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 31 шілде, басталуы – Астана уақытымен сағат 12:00-де.

Аукционға E-Qazyna платформасында тіркелген барлық пайдаланушылар қатыса алады.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС барлық ниет білдірушілерді аукционға қатысып, қол сағаттарын тиімді шарттармен сатып алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.

Прокрутить вверх