Алматы облысындағы 5 жер учаскесі аукционға қойылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру арқылы электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды.

Аукцион 2025 жылғы 20 тамызда сағат 12.00-де өтеді. Алматы облысында орналасқан 5 жер учаскесі сауда-саттыққа шығарылады. Лоттардың жалпы бастапқы құны 851 215 517 теңгені құрайды.

Аукционға қатысу үшін:

  • E-Qazyna платформасында тіркелу;
  • кепілдік жарнаны енгізу;
  • өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.

Сауда онлайн-форматта өтеді, бұл әдіс кез келген жерден қатысуға мүмкіндік береді.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы барлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етеді және активтер туралы толық ақпаратты, соның ішінде сипаттамасы мен бағалау құнын ашық жариялайды.

Аукционға қатысу шарттары E-Qazyna платформасында жарияланған.

Прокрутить вверх