«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna порталында бөліп төлеу форматында саудаға Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2 шағын ауданы, 22-үй мекенжайында орналасқан тұрғын емес үй-жай қойылғанын хабарлайды.
Тендер өткізу күні: 2025 жылғы 15 қазан, сағат 10:00 (Астана уақытымен)
Бастапқы баға: 4 377 184 000,00 теңге
Тендерге сілтеме: https://cabinet-auction.e-qazyna.kz/p/ru/auctions/350648/user-view
Бөліп төлеу форматы әлеуетті сатып алушыларға саудаға қатысу үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Барлық шарттар мен толық ақпарат E-Qazyna ресми порталында қолжетімді.
Активтерді сату «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» қызметі аясында жүзеге асырылады. Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, қоғам игілігі үшін әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.