«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 16-18 қыркүйек күндері E-Qazyna электрондық алаңында өткен сауданың нәтижелері туралы хабарлайды.
Сауда қорытындысы бойынша 6 лот (12 бірлік) табысты өткізілді. Олардың қатарында – инвестициялық және кәдесый монеталар, зергерлік бұйымдар, сондай-ақ коллекциялық және көркемдік мәні бар заттар бар.
Лоттардың жалпы бастапқы құны 4 068 358 теңгені құрады, ал жалпы сатылым сомасы 5 443 513 теңгеден асты. Осылайша, түскен қаражат бастапқы бағадан 1,3 млн теңгеден астам жоғары болып, қатысушылардың ашық электрондық саудаға және ұсынылған заттарға жоғары қызығушылық танытқанын көрсетті.
Барлық сауда E-Qazyna алаңында ашық форматта өткізіледі, бұл қатысушылар үшін тең қолжетімділікті және рәсімдердің айқындығын қамтамасыз етеді.