2025 жылғы 7–8 қазан күндері E-Qazyna электронды платформасында мемлекетке қайтарылған активтерді сату бойынша аукциондық сауда-саттықтар өтті. Сауда қорытындысы бойынша жалпы сомасы 30 884 702 теңгеге 18 лот сатылды.
Белгіленген тәртіпке сәйкес, сауда аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаз бен сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалады. Мүлік толық төлем түскеннен кейін ғана сатып алушыға беріледі.
Барлық түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылады. Қор қаражаты мектептер, ауруханалар, спорт және инфрақұрылым нысандарын салуға бағытталады.
Осылайша мемлекетке қайтарылған активтерді пайдаланудың ашықтығы мен тиімділігі қамтамасыз етіледі.
Мемлекетке қайтарылған әрбір теңге ел игілігіне жұмыс істеуі тиіс.