«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna платформасында кезекті ашық электрондық саудаларды өткізді.
Бұл жолы сатылымға ерекше актив – қыны бар самурай қылышы шығарылды. Лот бастапқы құны 542 719,00 теңгеге сатылды.
Сауда қолданыстағы заңнама мен ашық электрондық аукциондар өткізу рәсімдеріне толық сәйкес жүргізілді. Бұл барлық қатысушылар үшін сенімділік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Сауда нәтижелерімен толығырақ E-Qazyna платформасында танысуға болады.