«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 18 қарашаға жоспарланған электрондық аукциондық сауда-саттық қатысушылар тарапынан өтінімдердің болмауына байланысты өтпей қалғанын хабарлайды.
Саудаға «Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-індегі үлес (қатысу үлесі) және Астана қаласы, Мұхамедханов көшесі, 5-үй, 7-қабат мекенжайында орналасқан кіріктірілген тұрғын емес үй-жай қойылған болатын.
Аукциондар ашық электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне сәйкес өтпеген деп танылды.
Аталған активтер белгіленген тәртіппен E-Qazyna платформасында қайтадан сатылымға шығарылатын болады.
Жаңа сауда-саттық күні жөніндегі ақпарат компанияның ресми ресурстарында және E-Qazyna ашық аукциондар платформасында жарияланады.