Қайтарылған актив: аукцион нысанындағы қайталама сауда-саттық өтеді

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Sauda.E-Qazyna порталында мемлекеттік меншікке қайтарылған активті сату бойынша қайталама электрондық аукционның жарияланғанын хабарлайды.

Сатылатын объект: Астана қаласы, Мұхамедханов көшесі, 5-үй, н.п. 42, 7-қабат мекенжайында орналасқан кіріктірілген тұрғын емес үй-жай.

Сауда өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 12 желтоқсан, сағат 11:00.

Лоттың бастапқы құны: 1 055 986 450,00 теңге.

Аукцион Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ашық электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне сәйкес өткізіледі, бұл барлық қатысушылар үшін ашықтықты және тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/312554538896000000

Прокрутить вверх