Қайтарылған актив: коммерциялық конкурс 23 желтоқсанға жоспарланды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС sauda.e-qazyna.kz электрондық сауда платформасында қайтарылған активті сату бойынша коммерциялық конкурс жарияланғанын хабарлайды.

Коммерциялық конкурсқа Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көктем-2 ықшам ауданы, 22-үй мекенжайында орналасқан тұрғын емес үй-жай шығарылды.

Конкурс өтетін күн және уақыты: 2025 жылғы 23 желтоқсан, сағат 10:00

Бастапқы баға: 4 377 184 000 теңге

Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/312984002367000000

Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларына сәйкес, егер актив тендер арқылы сатылмаса, Басқарушы компания реестрдің веб-порталында коммерциялық конкурс жариялайды.

Коммерциялық конкурс – ұсынылған өтінімдерге, оның ішінде коммерциялық ұсыныстарға сәйкес сатып алушыларды іріктеу жолымен өткізілетін активтерді конкурстық негізде сату нысаны.

Басқарушы компания активтерді Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес сатады және қайтарылған активтерді экономикалық айналымға тиімді тарту мақсатында барынша ашықтықты, есептілікті және жариялылықты қамтамасыз етеді.

Прокрутить вверх