Sauda.e-qazyna порталында қайталама электрондық сауда-саттық

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік sauda.e-qazyna электрондық сауда платформасында қайтарылған активтерді сату бойынша қайталама электрондық сауда-саттықтың жарияланғаны туралы хабарлайды.

Саудаға сувенирлік монеталар, зергерлік бұйымдар және қолсағаттар шығарылды – барлығы 39 лот.

Сауда-саттық өтетін күні мен уақыты: 2025 жылғы 30 желтоқсан, сағат 11:00

Жалпы бастапқы бағасы: 631 839 861 теңге

Сауда-саттық онлайн форматта өтеді, бұл рәсімнің ашықтығын, барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті және сауданың барысы мен нәтижелері туралы ақпараттың жариялылығын қамтамасыз етеді.

Қатысу үшін порталда тіркелу, кепілдік жарна енгізу және белгіленген мерзімде өтінім беру қажет.

Прокрутить вверх