«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2025 жылғы 30 желтоқсанға жоспарланған электрондық аукциондық сауда-саттық қатысушылар тарапынан өтінімдердің болмауына байланысты өтпей қалғанын хабарлайды.
Саудаға сувенирлік монеталар, зергерлік бұйымдар мен қолсағаттар қойылған болатын – барлығы 39 лот.
Лоттардың жиынтық бастапқы құны 631 839 861 теңгені құрады.
Аукциондар ашық электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне сәйкес өтпеген деп танылды.
Аталған активтер белгіленген тәртіппен E-Qazyna платформасында қайтадан сатылымға шығарылатын болады.
Жаңа сауда-саттық күні жөніндегі ақпарат компанияның ресми ресурстарында және E-Qazyna ашық аукциондар платформасында жарияланады.