«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік электрондық сауда алаңы sauda.e-qazyna.kz порталында төмендегі активтер бойынша қайталама электрондық сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды:
1. Сувенирлік монеталар, зергерлік бұйымдар және сағаттар. Барлығы 40 сауда-саттық жарияланды.
Сауда өткізу күндері: 2026 жылғы 20, 23 және 28 қаңтар.
Жалпы бастапқы баға: 520 888 379 теңге.
2. «Көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-дегі қатысу үлесі.
Сауда өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 5 ақпан,сағат 12:00.
Бастапқы баға: 24 772 753 285 теңге.
Аукцион Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және ашық электрондық саудаларды өткізу регламентіне сәйкес жүргізіледі, бұл барлық мүдделі қатысушылар үшін рәсімдердің ашықтығы мен тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қатысу шарттары туралы толық ақпарат төмендегі сілтеме арқылы қолжетімді:
https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/316688461275000000