«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2026 жылғы 20 және 23 қаңтарға жоспарланған зергерлік бұйымдар бойынша 39 лотқа қатысты электрондық сауда-саттықтың тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты өтпеді деп танылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес sauda.e-qazyna.kz мемлекеттік электрондық сауда платформасында өткізілді.
Компания активтерді қайта электрондық сауда-саттыққа дайындау жұмыстарын жалғастыруда. Сауда-саттықтың өткізілу күні мен шарттары туралы қосымша хабарланатын болады.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС өзіне берілген өкілеттіктер аясында қызмет атқарып, қайтарылған активтерді басқару және сату рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.