«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік электрондық сауда платформасы sauda.e-qazyna.kz порталында төмендегі объект бойынша электрондық сауда-саттықтың жарияланғанын хабарлайды:
«Kaisar Plaza» сауда-офистік орталығының тұрғын емес ғимараты
Жалпы алаңы: 63 920 ш.м
Сауда-саттықтың басталу күні мен уақыты: 2026 жылғы 7 сәуір, сағат 10:00
Бастапқы бағасы: 61 547 298 223 теңге
Лотқа сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/318517123322000000
Электрондық сауда-саттық Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ашық және бәсекелі форматта өткізіледі. Объект туралы, қатысу шарттары мен сауда-саттықты өткізу тәртібі жөніндегі барлық ақпарат sauda.e-qazyna.kz платформасында ашық қолжетімді.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде қызмет атқарып, мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және сату рәсімдерінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді.