Қайтарылған активтер: электрондық сауда-саттық нәтижелері

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2026 жылғы 19–20 мамырға тағайындалған электрондық сауда-саттықтың өтпегенін хабарлайды.

Қатысу шарттары, активтердің сипаттамалары және бастапқы бағалар туралы ақпарат электрондық платформада алдын ала қол жетімді болды.

Сондай-ақ мемлекеттік мүлік тізілімінің sauda.e-qazyna.kz веб-порталында келесі актив бойынша сауда-саттық қайта жарияланды:

  1. №39 кіріктірілген тұрғын емес үй-жай, Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 12-үй, 39-нысан мекенжайында орналасқан.
    Сауда-саттықтың басталу уақыты: 09.06.2026 ж. 10:00
    Бастапқы бағасы: 195 055 900,00 теңге
    Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/327675816305000000

Прокрутить вверх