Тәуекелдерді басқару

Тәуекелдерді басқару жүйесі Серіктестіктің барлық елеулі тәуекелдерін анықтауға, бағалауға және мониторингтеуге, сондай-ақ аталған тәуекелдердің деңгейін төмендету жөніндегі шараларды қабылдауға бағытталған Серіктестік қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Серіктестіктегі тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы тәуекелдерді бірнеше деңгейде басқаруды көздейді және оған Серіктестіктің мынадай органдары мен бөлімшелері қатысады: Байқау кеңесі, атқарушы орган, тәуекелдерді басқаруға жауапты құрылымдық бөлімше және өзге де құрылымдық бөлімшелер.

Байқау кеңесі тәуекелдерді басқару жүйесін қадағалауды жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады.

Серіктестіктегі тәуекелдерді басқару тұрақты әрі үздіксіз процесс болып табылады және Серіктестік органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің қатысуымен барлық деңгейде жүзеге асырылады. Тәуекелдерді басқару процесінде құрылымдық бөлімшелер мен өзге де қызметкерлердің негізгі функцияларына тәуекелдерді тұрақты негізде сәйкестендіру және бағалау, өз құзыреті шеңберінде әдістемелік және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысу, тәуекелдерге ден қою жөніндегі бекітілген іс-шараларды іске асыру, сондай-ақ тәуекел-коммуникацияны дамыту процесіне жәрдемдесу жатады.

Корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің пайымы, мақсаттары мен міндеттері, тәуекелдерді басқару құрылымы және тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері Серіктестіктің Тәуекелдерді басқару саясатында егжей-тегжейлі баяндалған.

Тәуекелдерді басқару жүйесін үйлестіру жауапкершілігі Серіктестіктің тәуекел-менеджеріне жүктелген.

Серіктестік үздік халықаралық стандарттарға сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің пайымы, мақсаттары мен міндеттері, тәуекелдерді басқару құрылымы және тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі құрамдас бөліктері Холдингтің Тәуекелдерді басқару саясатында егжей-тегжейлі баяндалған.


«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС Тәуекелдерді басқару саясаты

Прокрутить вверх