Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы
Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының негізгі міндеттері: Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін уақтылы, толық және дәйекті жүргізуді қамтамасыз ету; бухгалтерлік және салықтық есеп саласында бірыңғай саясат қалыптастыру; қайтарылған активтерді және олармен байланысты операцияларды есепке алу; кірістерді, шығыстарды, ақша қаражатын, мүлік пен қаржылық міндеттемелерді есепке алу; қаржылық және статистикалық есептілікті дайындау және ұсыну.
Басқарма басшысы:
Чегирова Айгула Нурабаевна
Телефон: +7 717 279-25-54 (ішкі 1019)
E-mail: a.chegirova@kuva.kz
Ұйымдастырушылық бақылау және құжат айналымы басқармасы
Ұйымдастырушылық бақылау және құжат айналымы басқармасының негізгі міндеттері: іс жүргізуді ұйымдастыру және бақылау; іс жүргізу және архив ісі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; кіріс және шығыс хат-хабарларды есепке алу және тіркеу; өкімдік құжаттарды дайындау; құжаттар мен істерді қалыптастыру, есепке алу және сақтау; құрылымдық бөлімшелерге құжат айналымы және архив ісі мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсету.
Басқарма басшысы:
Бакенова Карина Валихановна
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1015)
E-mail: k.bakenova@kuva.kz
Сатып алу басқармасы
Сатып алу басқармасының негізгі міндеттері: мемлекеттік және ішкі сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету; сатып алу жоспарын қалыптастыру; жеткізушілердің біліктілік іріктеуін өткізу; сатып алу рәсімдері мен шарттардың орындалуын мониторингтеу; қаражаттың тиімді жұмсалуын қамтамасыз ету; құрылымдық бөлімшелерге сатып алу мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсету.
Басқарма басшысы:
Иманғали Айкүнім Алтайқызы
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1012)
E-mail: a.imangali@kuva.kz
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы
Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының негізгі міндеттері: Серіктестік қызметін құқықтық сүйемелдеу; Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; ішкі құжаттарға, шарттар мен келісімдерге құқықтық сараптама жүргізу; заңнамаға мониторинг жүргізу және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Серіктестіктің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; соттарда және мемлекеттік органдарда Серіктестіктің мүдделерін білдіру; талап қою және талап-арыз жұмысын жүргізу.
Басқарма басшысы:
Аймагамбетов Алибек Кенжембаевич
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1010)
E-mail: a.aimagambetov@kuva.kz
Активтерді қабылдау және иелік ету басқармасы
Активтерді қабылдау және оларға билік ету басқармасының негізгі міндеттері: қайтарылған активтерді қабылдау және оларға меншік құқығын тіркеу; активтер мен меншікті мүліктің сақталуын, күтіп-ұсталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету; құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын талаптарға сәйкестендіру; мүлікті бағалау мен сақтандыруды ұйымдастыру; активтерді жалға және сенімгерлік басқаруға беру; олардың жай-күйін мониторингтеу және күтіп-ұстау шығыстарын оңтайландыру; активтер бойынша құжаттаманы сақтау және әкімшілендіру.
Басқарма басшысы:
Капанов Сержан Алданович
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1007)
E-mail: s.kapanov@kuva.kz
Активтерді сату және халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Активтерді өткізу және халықаралық ынтымақтастық басқармасының негізгі міндеттері: активтерді өткізу; аукциондар, тендерлер, коммерциялық конкурстар және өзге де сауда рәсімдерін өткізу; әлеуетті сатып алушыларды тарту; келіссөздер жүргізу, мәмілелер жасасу және олардың орындалуын бақылау; маркетингтік іс-шаралар өткізу; халықаралық ұйымдармен және шетелдік аналог компаниялармен ынтымақтастықты дамыту; активтерді басқару және өткізу саласында тәжірибе алмасу.
Басқарма басшысы:
Айдрахманов Ербол Маратович
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1006)
E-mail: e.aidrakhmanov@kuva.kz
Шаруашылық қызмет басқармасы
Шаруашылық қызмет басқармасының негізгі міндеттері: Серіктестіктің үздіксіз шаруашылық қызметін қамтамасыз ету; активтер мен меншікті мүлікті күтіп-ұстау, пайдалану және олардың сақталуын қамтамасыз ету; материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қойма шаруашылығын жүргізу; офистік және инженерлік инфрақұрылымға қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерге, жабдыққа, бағдарламалық қамтамасыз етуге және байланыс құралдарына техникалық қолдау көрсету; сайтты әкімшілендіру.
Басқарма басшысы:
Сулейманов Руслан Рашитович
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1018)
E-mail: r.suleymanov@kuva.kz
Экономика, қаржылық жоспарлау және талдау басқармасы
Экономика, қаржылық жоспарлау және талдау басқармасының негізгі міндеттері: қаржы ресурстарының қозғалысын талдау, жоспарлау және болжау; Серіктестіктің бюджеті мен Даму жоспарын қалыптастыру және олардың орындалуын бақылау; қаржы-экономикалық көрсеткіштерге мониторинг жүргізу; басқарушылық есептілікті дайындау; қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар әзірлеу; қаржы құралдары мен уақытша бос ақша қаражатын басқару; бюджеттік инвестицияларды тарту және мониторингтеу.
Басқарма басшысы:
Дусекеева Айнур Таймасовна
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1021)
E-mail: a.dusikeyeva@kuva.kz
PR-қызметі
PR-қызметінің негізгі міндеттері: Серіктестіктің корпоративтік имиджін қалыптастыру және қолдау; ақпараттық және имидждік саясатты әзірлеу және іске асыру; бренд-менеджмент; бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау; медиажоспарды іске асыру және жобаларды PR-сүйемелдеу; ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу; сөз сөйлеу мәтіндерін, сұхбаттар мен ақпараттық материалдарды дайындау; ішкі корпоративтік коммуникацияларды дамыту.
Қызмет басшысы:
Хусаинова Салтанат Бахитжановна
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1017)
E-mail: pressa@kuva.kz
HR-менеджер
HR-менеджердің негізгі міндеттері: персоналды басқару жүйесін ұйымдастыру; кадрларға қажеттілікті жоспарлау, кандидаттарды іздеу және іріктеу; Серіктестіктің ұйымдық құрылымын дамыту; қызметкерлерді бағалау және аттестаттау; оқыту мен біліктілікті арттыруды ұйымдастыру; персоналды ынталандыру және ұстап қалу жүйесін әзірлеу; корпоративтік мәдениетті дамыту және қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қолдау; қызметкерлердің дербес деректерінің құпиялылығын қамтамасыз ету.
HR-менеджер:
Оспанова Зарина Ибрагимовна
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1008)
E-mail: z.ospanova@kuva.kz
Тәуекел-менеджер
Тәуекел-менеджердің негізгі міндеттері: Серіктестік қызметінің тәуекелдерін анықтау, талдау, бағалау және мониторингтеу; олардың алдын алу және барынша азайту шараларын әзірлеу; тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру; басшылық үшін қорытындылар, талдамалық ақпарат және есептілік дайындау; құрылымдық бөлімшелерге тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық қолдау көрсету.
Тәуекел-менеджер:
Умиралиева Дилара Мырзабековна
E-mail: d.umiraliyeva@kuva.kz
Кадр қызметі
Кадр қызметінің негізгі міндеттері: еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; кадр саясатын қалыптастыру және жетілдіру; кадр есебін және іс жүргізуді жүргізу; қызметкерлерге кадр мәселелері бойынша кеңес беру.
Қызмет басшысы:
Разах Мерей Маратұлы
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1014)
E-mail: m.razah@kuva.kz
Жобалық қызмет
Жобалық қызметтің негізгі міндеттері: Серіктестік жобаларын ұйымдастырушылық-әдістемелік және операциялық сүйемелдеу; ішкі және шетелдік активтерді қабылдау, ресімдеу және басқару процестерін үйлестіру; жобалық құжаттама мен жол карталарын әзірлеу; жобаларды іске асыру мерзімдерін, бюджетін және сапасын бақылау; жобалық тәуекелдерді талдау және барынша азайту; мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен және сыртқы серіктестермен өзара іс-қимыл жасау; келіссөздер мен мәмілелерді сүйемелдеу.
Жобалық қызмет басшысы:
Даулбай Бахытжан Бауыржанұлы
Телефон: +7 717 279-25-54, (ішкі: 1020)
E-mail: b.daulbay@kuva.kz