15 қараша – Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің күні

Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнімен және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгізілуі еліміздің қаржылық тәуелсіздігін нығайтқан тарихи қадам болды. Ал 1997 жылы бұл күн қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.
Бүгінде қаржы саласы еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде, мемлекеттік қаржы саясатын іске асыруда және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Осы жауапты міндеттерді абыроймен атқарып, кәсіби біліктілігі мен қажырлы еңбегін ел игілігіне арнап жүрген барша қаржы саласының мамандарына зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке, жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін!
Ұлттық валютамыздың мәртебесі биік, еліміздің қаржы жүйесі тұрақты, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен,
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС
бас директоры Қуанышбек Мұқаш

Прокрутить вверх