Қайтарылған активтер: зергерлік бұйымдар 1,8 млн теңгеге сатылды

2025 жылғы 19 тамызда E-Qazyna электронды платформасында қайтарылған активтерді сату бойынша аукциондық сауда-саттық өтті.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,8 млн теңгені құрайтын 4 зергерлік бұйым сатылды.

Аукциондар онлайн-форматта өтеді, бұл барлық қатысушылар үшін ашықтықты, айқындықты және тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сауда-саттық аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаз бен сатушы арасында сатып алу-сату шарты жасалып, актив тек толық төлем жасалған соң ғана беріледі.

Сатылымнан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылады.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің қызметі активтерді жүзеге асыру процесінде тиімділікті, ашықтықты және қоғамдық пайда әкелуді көздейді.

Прокрутить вверх