«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna порталында «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-дегі (БСН: 240740021125) қатысу үлесі ашық электрондық саудаға қойылғанын хабарлайды.
Аукцион өткізу күні: 2025 жылғы 18 қараша, сағат 10:00 (Астана уақытымен).
Бастапқы баға: 28 639 882 000,00 теңге.
Аукцион ашықтық пен әділ бәсекелестік қағидаттарына сәйкес өткізіледі. Қатысуға ниет білдірген барлық азамат толық ақпаратпен және шарттармен E-Qazyna ресми порталында таныса алады.
Активтерді сату «Қайтарылған активтерді басқару компаниясының» қызметі аясында жүзеге асырылады. Түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, қоғам игілігі үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсалады.