«2025 жылдың 14 мамырында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-нің 2025 жылға арналған Комплаенс-офицерінің жұмыс жоспарына сәйкес ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу жоспарлануда. Ішкі талдау 2024 жылдың қаңтар айынан бастап 2025 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңді қамтиды».
Жарияланған күні: 30.04.2025
2025 жылғы 20–26 маусым аралығында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау өтеді. Бұл шара ашықтық пен айқындық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Жарияланған күні: 13.06.2025
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру аясында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қатысты жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды..
Жария талқылау ашықтықты, айқындықты және мүдделі тараптардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау мен азайту процесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Анықтамамен осы жерден танысуға болады.
Жария талқылаудың аяқталатын уақыты — 2025 жыл 26 маусым.
Анықтама мазмұнына қатысты ұсыныстарды, ескертпелерді және пікірлерді келесі compliance@kuva.kz электрондық почтасына жолдауыңызды сұраймыз.
Жарияланған күні: 20.06.2025