2025 жылғы 26 желтоқсанда «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС sauda.e-qazyna веб-порталында Астана қаласы, Мұхамедханов көшесі, 5-ғимарат, №42 тұрғын емес үй-жай (7-қабат) мекенжайында орналасқан кіріктірілген тұрғын емес үй-жайды сату бойынша электрондық сауда өткізу туралы хабарландыру жариялады.
Электрондық сауда-саттықты өткізу 2026 жылғы 13 қаңтарға, сағат 12:00-ге жоспарланған болатын. Нысанның бастапқы бағасы 869 635 900 теңгені құрады.
Сонымен қатар 2026 жылғы 9 қаңтарда Басқарушы компанияның атына аталған жылжымайтын мүлік нысанын мемлекеттік меншікке беру туралы ресми сұрау келіп түсті. Қолданыстағы заңнама талаптарына және мемлекеттік қажеттіліктердің басымдығын ескере отырып, нысан сауда-саттықтан алынды.
Жылжымайтын мүлік нысанын одан әрі пайдалану тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган анықтайтын болады.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС активтерді басқару және оларды сату жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес жүзеге асырып, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің басымдығын, сондай-ақ қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді.