«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру тәсілімен қайталама электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды. Аукцион 2025 жылғы 30 шілдеде сағат 12:00-де өтеді.
Сатылымға коллекциялық монета мен зергерлік бұйым қойылады. 9 лоттың жалпы бастапқы бағасы – 67 339 496 теңге.
Аукционға қатысу үшін:
• E-Qazyna платформасында тіркелу қажет;
• Кепілдік жарнаны енгізу қажет;
• Өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.
Аукцион онлайн форматта өтеді, бұл кез келген жерден қатысуға мүмкіндік береді.
Компания барлық процестердің ашықтығы мен айқындығына кепілдік береді, қатысушыларға активтер туралы толық ақпарат, соның ішінде сипаттамасы мен бағалау құны ұсынылады.
Аукционға қатысу шарттары мен қосымша ақпаратты E-Qazyna платформасынан таба аласыз.