«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру арқылы қайталама электрондық аукцион өткізілетінін хабарлайды. Сауда 2025 жылғы 19 тамыз күні сағат 12:00-де өтеді.
Сатылымға 38 зергерлік бұйым қойылады. Лоттардың жалпы бастапқы бағасы 224 688 827 теңгені құрайды.
Саудаға қатысу үшін:
‒ E-Qazyna платформасында тіркелу;
‒ кепілдік жарнаны енгізу;
‒ өтінішті белгіленген мерзімде жіберу қажет.
Аукцион онлайн-форматта өткізіледі, бұл саудаға кең қолжетімділік пен үдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Лоттар туралы толық ақпарат, олардың сипаттамасы мен қатысу шарттары E-Qazyna веб-платформасында қолжетімді.