ҚАБК қызметкерлері «Тaza Qazaqstan» акциясын қолдады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен оған қарасты ұйымдар аумақтарды абаттандыруға, табиғатты қорғауға, халықтың денсаулығын нығайтуға және әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған қоғамдық бастамаларға белсене қатысып келеді. Мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып, әлеуметтік жауапкершілікті көрсетеді және қызметкерлерді ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіреді.

24 қазан күні, Республика күніне орай, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – ҚАБК) қызметкерлері Астана қаласы Нұра ауданы әкімі аппаратының қолдауымен Махтумқұлы атындағы скверде ағаш отырғызу экологиялық акциясын өткізді.

Аталған акция «Тaza Qazaqstan» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, экологияны сақтау, елордамызды көркейту және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін дамыту мақсатын көздеді.

«Ағаш отырғызу – бұл жай ғана дәстүр емес, болашаққа деген сенімнің белгісі. Осы күні отырғызылған әрбір ағаш табиғат пен ел алдындағы жауапкершілігімізді еске салып тұрсын», – деді ҚАБК бас директоры Қуанышбек Мұқаш.

Мерекеге орай өткізілген акция ҚАБК-ның тек қайтарылған активтерді тиімді басқару ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру ісіне үлес қосуға деген ұмтылысын көрсетеді.

Прокрутить вверх