Қайтарылған активтер: коллекциялық қылыш пен ұлттық өрнегі бар былғары белдік жоғары бағамен сатылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында 2026 жылғы 20 ақпанда өткен электрондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабарлайды.

Сауда нәтижесі бойынша 2 лот бойынша сатылым жүзеге асты:

1. Қынаптағы самурай қылыш
Бастапқы бағасы: 461 312,00 теңге
Сатылған бағасы: 3 413 825,00 теңге
Лот сілтемесі: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/318081565149000000

2. Арнайы қораптағы ұлттық өрнегі бар былғары белдік
Бастапқы бағасы: 183 750,00 теңге
Сатылған бағасы: 524 261,00 теңге
Лот сілтемесі: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/318081708056000000

Сонымен қатар, аталған лоттар бойынша қазіргі уақытта сатып алу-сату шарттарына қол қойылмағанын және сауда жеңімпаздары тарапынан төлемнің әлі түспегенін хабарлаймыз.

Электрондық сауда-саттық ашық әрі бәсекелі форматта өткізіледі, бұл активтерді сату рәсімдерінің айқындығын және барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Прокрутить вверх