«Қайтарылған активтерді электрондық сауда-саттық арқылы қалай сатып алуға болады?» тақырыбында интернет-конференция

2026 жылғы 23 қарашада «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС «Ашық диалог» интернет-порталында интернет-конференция өткізеді.

Интернет-конференция 23 қараша күні сағат 10:00-де басталып, 24 қараша күні сағат 11:00-де аяқталады.

Іс-шара барысында азаматтар мен бизнес өкілдері қайтарылған активтерді сату тәртібі, электрондық аукциондарға қатысу және мүлікті сатып алу шарттары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Сондай-ақ қатысушыларға сатылымға шығарылған активтер туралы ақпаратты қайдан алуға болатыны және өткізілген сауда-саттық нәтижелерімен қалай танысуға болатыны түсіндіріледі.

Интернет-конференция ақпараттың қолжетімділігін арттыру, Компания қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру мақсатында ұйымдастырылады.

Баршаңызды интернет-конференцияға қатысып, «Ашық диалог» порталы арқылы сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз!

Прокрутить вверх