Қайтарылған активтердің қоғам үшін маңызы қандай?

Мемлекетке қайтарылған активтер – жай ғана материалдық құндылықтар емес, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, елді дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға арналған ресурс.

Мемлекеттің басты міндеті – заңсыз иемденілген мүлікті қайтаруды ғана емес, оны одан әрі қоғам мүддесі үшін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Мемлекетке берілгеннен кейін активтердің «екінші өмірі» басталады. Олар мемлекеттік меншікке берілуі, ашық электрондық сауда-саттық арқылы сатылуы немесе басқару барысында табыс әкелуі мүмкін.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС берілген мүліктің сақталуын, басқарылуын және сатылуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етеді. Бұл ретте электрондық сауда-саттық рәсімдердің ашықтығын, қатысушылар үшін тең жағдайларды және бәсекелестік негізде бағаның қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мұндай тәсіл Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарларының бірі ретінде айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатының іс жүзінде жүзеге асуын көрсетеді. Оның негізінде заң үстемдігі, қабылданатын шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік мүлікті жауапкершілікпен басқару және қоғамдық мүдделердің басымдығы жатыр.

Қайтарылған активтерді өткізуден және басқарудан түскен қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға түсіп, белгіленген тәртіппен әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады. Бұл – мектептер, медициналық мекемелер, сумен жабдықтау және спорт нысандарын, сондай-ақ халыққа қажетті өзге де инфрақұрылымды салу.

Осылайша, қайтарылған активтер жай ғана мемлекеттік меншік емес, нақты әлеуметтік жобаларды қаржыландыру көзіне айналады.
Басты нәтиже де осында: қайтарылған мүлік қоғам игілігіне қызмет ете бастайды, ал «Заң мен тәртіп» қағидаты іс жүзінде жүзеге асады.
Түптеп келгенде, қайтарылған активтермен жұмыстың тиімділігі олардың саны мен құнына ғана емес, мемлекет пен азаматтарға әкелетін нақты пайдасына да байланысты.

Прокрутить вверх