Кәсіби мереке қарсаңындағы марапат

Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні және Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-де Компанияның Бас директоры Қуанышбек Мұқаштың жетекшілігімен салтанатты іс-шара өткізілді. Ол жұмыскерлерге ведомстволық және корпоративтік наградаларды табыстап, олардың Компания қызметіне қосқан үлесін және кәсіби міндеттерін адал атқаруын ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жоғары ведомстволық наградасы – «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен:

Абдуалиев Жанат Серікұлы – Сатып алу басқармасының бас маманы;

WhatsApp Image 2026 11 13 at 12.26.48

Чистобаева Айнұр Маратқызы – Активтерді сату және халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас маманы марапатталды.

WhatsApp Image 2026 11 13 at 12.26.48 1

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен:

Умиралиева Дилара Мырзабекқызы – тәуекел-менеджері;

Сахиев Серік Мұсылманбекұлы – Экономика, қаржылық жоспарлау және талдау басқармасының бас маманы;

Фомина Наталья Александровна – Активтерді қабылдау және басқару басқармасының бас маманы марапатталды.

Кәсібилігі, бастамашылдығы және Компания жұмысына қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен:

Альмаганбетова Гульсун Алмасқызы – Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас маманы;

Дусекеева Айнұр Таймасқызы – Экономика, қаржылық жоспарлау және талдау басқармасының басшысы атап өтілді.

WhatsApp Image 2026 11 13 at 15.23.22

Сонымен қатар бірқатар жұмыскерлерге адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алғысы жарияланды.

Әрбір марапаттың артында күнделікті еңбек, кәсіби біліктілік және ортақ іске қосылған жеке үлес тұр. Қайтарылған активтермен жұмыс істеу терең білім мен жоғары жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар Компания алдында тұрған міндеттердің маңызын терең түсінуді талап етеді.

Жұмыскерлердің еңбегін мойындау – қол жеткізілген нәтижелерге берілген баға ғана емес, сонымен бірге алдағы кәсіби өсуге серпін беретін маңызды ынталандыру.

Прокрутить вверх