Жер учаскесі 217 млн теңгеге сатылды: қайтарылған актив аукцион арқылы сатылды

2025 жылғы 13 тамызда E-Qazyna электронды сауда платформасында қайтарылған активтердің бірі – Алматы облысындағы жер учаскесін сату бойынша аукциондық сауда сәтті аяқталды. Лот 217 млн теңгеге сатылды.

Аукцион толық ашықтық және жариялылық жағдайында өтіп, барлық қатысушыларға тең мүмкіндік берілді. Сауданың электрондық форматы процестің объективтілігін және бәсекелестік ортаны қамтамасыз етті.

Белгіленген тәртіпке сәйкес, сауда аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жеңімпаз бен сатушы сатып алу-сату шартын жасасады. Нысан сатып алушыдан барлық қаражат сатушының шотына толық түскеннен кейін ғана тапсырылады.

Сатудан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға аударылып, ол білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік осал топтарды қолдау сияқты басым әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС өз миссиясын жалғастыруда – мемлекетке қайтарылған активтерді тиімді, ашық және қоғамдық пайдаға бағыттап, оларды елдің дамуы мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға жұмыс істейтін экономикалық айналымға тарту.

Прокрутить вверх