«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру арқылы электрондық қайталама сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. Сауда-саттық 2025 жылғы 24 шілдеде сағат 12:00-де өтеді.
Сатылымға 53 зергерлік бұйым қойылған.
Сауда-саттыққа қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны төлеп, белгіленген мерзімде өтінім беру қажет. Сауда-саттық онлайн форматта өтеді, бұл қатысушыларға әлемнің кез келген жерінен қатысуға мүмкіндік береді.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы ашықтық пен жариялылық қағидаттарын ұстанады, активтер мен оларды бағалау құны туралы ақпаратты бөлісіп отырады.
Толық ақпарат пен саудаға қатысу шарттарымен E-Qazyna платформасында таныса аласыз.