Қайтарылған актив: «Kundybai Mining» АҚ акцияларының 20% үлесі саудаға шығарылды

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС sauda.e-qazyna.kz электрондық сауда платформасында қайтарылған активті сату бойынша кезекті аукцион нысанындағы сауда-саттық өткізетінін хабарлайды.

Саудаға «Kundybai Mining» АҚ акцияларының 20% үлесі шығарылды.

Сауданың күні мен уақыты: 2025 жылғы 24 желтоқсан, 10:00

Бастапқы баға: 51 318 000 теңге

Лотқа сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/313246677979000000

Сауда sauda.e-qazyna.kz платформасында онлайн форматта өтеді, бұл барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті, рәсімнің ашықтығын және сауда барысы мен нәтижелері туралы ақпараттың жариялылығын қамтамасыз етеді.

Қатысу үшін порталға тіркеліп, кепілдік жарнасын енгізіп, белгіленген мерзімде өтінім беру қажет.

Активтерді сату Қазақстан Республикасының заңнамасына және Басқарушы компанияға берілген активтерді басқару қағидаларына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Прокрутить вверх