Қайтарылған активтер: E-Qazyna платформасында қайталама сауда-саттық

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында қайталама электронды аукциондық сауда-саттық өтетінін хабарлайды.

Аукцион 2025 жылғы 16–18 қыркүйек күндері, сағат 12:00-де өтеді.
Саудаға зергерлік бұйымдар, сувенирлік монеталар мен сағаттар қойылады. Лоттардың жалпы бастапқы құны – 548 145 236 теңге.

Саудаға қатысу үшін:

E-Qazyna платформасында тіркелу;

кепілдік жарнасын енгізу;

белгіленген мерзімде өтінім беру қажет.

Сауда-саттық онлайн форматта өтеді, бұл әлемнің кез келген жерінен қатысуға мүмкіндік береді.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, лоттар жөнінде, соның ішінде оның сипаттамасы мен бағалау құны туралы толық ақпарат ұсынады.

Қатысу шарттарының толық нұсқасы E-Qazyna веб-платформасында қолжетімді.

Прокрутить вверх