Қайтарылған активтерді сату бойынша қайталама электрондық сауда-саттық

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС sauda.e-qazyna.kz (версия 2) электрондық сауда алаңында компания балансына берілген зергерлік бұйымдар, сағаттар және сувенирлік монеталарды сату бойынша қайталама аукциондық сауда-саттықтың жарияланғанын хабарлайды.

Қайталама сауда-саттық аясында 42 лот ұсынылған – сувенирлік монеталар, зергерлік әшекейлер және қолсағаттар.

Бастапқы жалпы құны: 743 708 074 теңге

Сауда-саттық өткізу күні: 2025 жылғы 11 желтоқсан

Аукциондар sauda.e-qazyna.kz (версия 2) ашық электрондық сауда порталы арқылы онлайн форматта өткізіледі. Бұл барлық қатысуға ниетті тұлғалар үшін тең мүмкіндік пен процестің толық ашықтығын қамтамасыз етеді.

Қатысу үшін:

  1. порталда тіркелу;
  2. кепілдік жарнасын төлеу;
  3. белгіленген мерзімде өтінім беру керек.

Компания қайтарылған активтерді тиімді сату және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындай отырып, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын ұстануды жалғастырады.

Прокрутить вверх