«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС қайтарылған зергерлік бұйымдарды сату мақсатында бағаны көтеру бойынша қайталама аукциондық сауда-саттық өткізетінін хабарлайды. Сауда-саттық https://e-qazyna.kz/ веб-платформасында өтеді.
Бұл шараның мақсаты – қайтарылған активтерді тиімді түрде сату және эксклюзивті зергерлік бұйымдарға мүдделі қатысушыларға сатып алу мүмкіндігін ұсыну.
Күні мен уақыты:
– 2025 жылдың 23 сәуірі, сағат 10:00
– 2025 жылдың 25 сәуірі, сағат 10:00
Қатысу шарттары:
Платформаға тіркелген барлық пайдаланушылар аукционға қатыса алады.
БСН: 231040010244
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды ерекше мүмкіндікті пайдаланып, зергерлік бұйымдарды тиімді шарттармен сатып алуға шақырады.