«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС 2026 жылғы 12-13 наурызда sauda.e-qazyna.kz мемлекеттік электрондық сауда алаңында өткізілген электрондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабарлайды.
2026 жылғы 12 наурызда өткізілген электрондық сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
2026 жылғы 13 наурызда өткен электрондық тендердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 3 670 000 теңгеге 3 лот сатылды:
1. «Yana Jewellery» сақинасы
Сату бағасы: 2 000 000,00 тг
Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/319980357461000000
2. «Constella» білезігі
Сату бағасы: 1 340 000,00 тг
Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/319980672044000000
3. Көбелек бейнесіндегі алқасы бар тізбек
Сату бағасы: 330 000,00 тг
Сілтеме: https://sauda.e-qazyna.kz/ru/list/319980812239000000
Сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен сағаттар бойынша 35 лот бойынша өткізілген тендер нысанындағы сауда-саттық өткізілмеді деп танылды.
Сауда-саттық Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес sauda.e-qazyna.kz мемлекеттік электрондық сауда алаңында өткізілді. Қатысу шарттары мен лоттар туралы толық ақпарат ашық түрде жарияланған.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС мемлекетке қайтарылған активтерді басқару және іске асыру жұмыстарын заңнамада белгіленген тәртіппен жалғастырады.